Құны 3 500 теңгеден аспайтын теміржол билетін айыппұлсыз қайтаруға болады

Теміржол билет пойыз


“Жолаушылар тасымалы” АҚ бұдан былай жолаушыға сатып алған билетті қайтарғаны үшін айыппұл төлетпейтін болды.


Компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, айыппұлды алып тастау тек арзан билеттерге қатысты, құны 3 500 теңгеден жоғары билеттерді қайтарған жағдайда бұрынғысынша комиссия ұстала береді.


Осы жылдың 15 қаңтарынан бастап “Жолаушылар тасымалы” АҚ жол жүру билеттерін қайтаруға салынатын 1 000 теңге көлеміндегі айыппұлды алып тастайды. Айыппұл номинал құны 3 500 теңге болатын билеттерді қайтарғанда ғана салынбайды. Бұл шара жолаушылар тарапынан түскен өтініштерге жүргізілген өңдеу мен талдаудан соң қабылданды, – делінген компанияның хабарламасында.



Жолаушы құны 3 500 теңгеден жоғары билеттерді пайдаланбай, қайта өткізген кезде 1 000 теңге көлемінде айыппұл төлейді. Комиссия алыпсатарлыққа жол бермеу және теміржол билеттерін қайта өткізуді азайту мақсатында енгізілген.


Источник: “https://baribar.kz/91094/quny-3-500-tenhgeden-aspajtyn-temirzhol-biletin-ajyppulsyz-qajtarugha-bolady/”