Теннис: Бублик Будапешт турнирінің жеңімпазы атанды


АСТАНА. ҚазАқпарат — Венгрия астанасы Будапеште мәреге жеткен челленджер турнирінің финалында қазақстандық Александр Бублик италиялық Роберто Маркорамен бас жүлдені сарапқа салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дүниежүзілік рейтингте 21 жасар А.Бублик 172-орында тұрса, қарсыласы, одан 9 жас үлкен Р.Маркора 283-сатыда еді.

Бірінші партияда қазақстандық теннисші италиялық спортшыға бірде-бір гейм берген жоқ — 6:0.

Екінші сет те А.Бубликтің басымдылығымен өтті — 6:3.

Осылайша ол Будапешт турнирінің жеңімпазы атанды.

Бәсеке бір сағатқа жуық уақытқа созылды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын А.Бубликтің Будапешт турнирінің финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Астанада Федерация кубогы үшін өткен Қазақстан — Қытай финалдық матчында Зарина Дияс Чжэн Сайсайды ұтты. Юлия Путинцева қарсыласына есе жібергенімен, жұптық кездесуде Галина Воскобоева мен Анна Данилина Қазақстанға жеңіс әперді. Ал Михаил Кукушкиннің Роттердам жарысындағы қарсыласы анықталды.


Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/tennis-bublik-budapesht-turnirinin-zhenimpazy-atandy_a3496935”